Биыл «Кинотавр» отызыншы рет шымылдығын түріп, қызыл кілемін жайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айтулы мерекеге, азулы актерлердың біразы жиналған! Тек, сылқымдар мерейтой дресс – коды black tie деп түсінсе керек. Құдды қара көйлектілер шеруі дерсің!

Кіл аузын айға білеген кутьюрелердің көздің жауын алатын көйлектерін ғана киетін Ксения Собчак та, әдеттегіден тым қарабайыр! Дегенмен, оның образы емес, су жаңа сүйіктісі «сыпсың» сөзге арқау болды. Олар Константин Богомоловпен бірге қызыл кілемде бой көрсепесе де, кинофестивальдің ашылу салтанатында бірге отырды. Бұл кешке режиссердің экс-жұбайы Дарья Мороз да келгенді.

Мерейтойлы «Кинотаврдың» бас қаһарманы – Александр Петров! Себебі, актер кинофестивальдің тарихындағы ең жарқын сәттерді өз ойыны мен әзілі арқылы тізіп берді. Көпті күлкіге де қарқ етті, көз жастарын сығуға да «мәжбүрледі».

Киномерекелерден бойын аулақ ұстайтын Константин Хабенский – әділ қазылар алқасының төрғасы! Бұл да көпті таңдантты! Енді, актер бастаған бір топ маман 16-шы маусымға дейін, үздік фильмдерді анықтап, марапаттайтын болады.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться