Дәстүрлі «МУЗ-ТВ 2019» музыкалық марапаты биыл да қызыл кілемге кіл мықтыларды топтастырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Биылғы жылы мәртебелі меймандар қатарында Димаш Құдайберген мен Ержан Максим бой көрсетті.

Алайда, қызыл кілемде төбе көрсеткен Димаш Құдайбергеннің образы отандастармызға жаға қоймады. «Талғамға – талас жоқ» екенін ескермеген көпшілік серінің костюмін тым сұрықсыз деп сөкті. Жағымсыз пікір, қарша борағаны сол-ақ еді, ерек үлгінің авторы – Құралай Нұрқаділова хейтерлерге жауап беруді.

Құралай Нұрқаділова – сәнгер:

Қарапайым стилист көшіреді, ал суретші жаңа дүние ойлап табады. Егер мен, ерекшелене алсам, демек жаңашылдық әкеле алдым деген сөз. Әрбір комментарий үшін рахмет!

Есесіне, Димаштың сахнадағы әсем орындауы оның образындағы олқылықты толтырғандай!

Құдайбергеновтың ізін ала, Ержан Максим де сахнадан табылды. Жас өнерпаздың орындауныдағы «All by myself» әні тыңдарманның жүрегін бірден жаулады.

Отандастарымызды сахна төріне шығарған, ресейлік әншілер болса, марапаттан бір-бір жүлдені қолтықтап қайтты. Мәселен, Филип Киркоровтың хитке айналған «Цвет настрония черный» трегі үшін «Үздік ән» аталымын еншілесе, Zivert – «Жыл жаңалығы» атанды. Сондай-ақ, Сергей Лазарев «Үздік альбом» иегері ретінде, жүлдеге лайық деп танылыды.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться