Хайп жасау үшін де сезім керек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айжан Байзақова, Арман мен Аша, Шырын Нарчаева! «Юфреймдықтар»-дың пікірінше ең сәтсіз пиар кімге тиесілі?

Мадина Дәлетқызы, тілші:

- Хайпты қалай дұрыс жасау керек? «Юфреймдіқ» Расул Абдуллаев халықты жинап алып, дәл осы тақырыпта арнайы дәріс өткізбек. Олай болса, біз де тыңдап көрейік. Кәдемізге жарап қалар.

Расул Абдуллаев – «Юфреймнің» танымалдылығына тікелей жауапты тұлға. Отандық вайнерлердің менеджері қызметін атқаратын ол: «хайп жасаймын деп, айыпқа қалмау басты қағидат»,- дейді.

Расул Абдуллаев, «Yuframe» командасының менеджері:

- Хайп жасау үшін де жүрек, сезім керек. Өзекті тренд, жаңалық немесе адамдық принциптер мен құндылықтарды қозғау қашан да нәтиже береді.

Арман мен Аша жаңа бейнебаянын жарнамалау жолында, отбасыларының ойраны шыққаны туралы жалған ақпарат таратқан еді. Оқиға халықтың талқысына түскенімен, жұлдызды жанұяның бұл қадамын Юфреймдық сері «сәтсіз» хайпқа балайды.

Расул Абдуллаев, «Yuframe» командасының менеджері:

-Адамдарға өзгенің өмірін бақылау қашан да қызық. Сондықтан, жұлдыздар әдейі өз қарым-қатынасын талқыға түсіріп жатады. Алайда, Арман мен Ашаның ажырастық деп халықты алдауы қылмыспен пара-пар. Пиар үшін өтірік айту дұрыс емес.

Тіпті, танымалдылығымды арттыра түсемін деп, шығармашылығына зиян келтіретін жұлдыздар да баршылық. Ондай жағдайда, халықтың өнер өкілдеріне деген құрметі түгесіледі дейді ол. Сондай топтардың бірі – Алем бэнд.

Ал, жылдың ең «жүрек айнытарлық хайп» аталымы – Шырын Нарчаеваға тиесілі.

Расул Абдуллаев, «Yuframe» командасының менеджері:

- Шырын Нарчаеваның хайпы – дұрыс емес, ең лас хайптың бірі. Өз мүддең үшін ұлттық құндылықтарды қорлау қате. Ол бұл қадамымен салт-дәстүрдің, қоғамдағы құнын түсіріп отыр.

Хайпқұмарлар тізімінде, асығы алшысынан түскендер де жоқ емес. Мәселен, Ержан Максимның «Голос. Дети» бағдармасындағы дау-дамайын маркетологтар тұрғын үй жарнамасына ұтымды қолданған еді. Нәтижесі, қызықты бейнеролик Қазақстан ғана емес, көрші елдерге да таралып үлгерді.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться