Нұржан Керменбаев жаңарған Жанардың жанкүйері атанған ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнеске 11 жылдан кейін оралған Жанар Хамитова, аталған уақыт аралығында тек Нұржанмен емес, суперстарлық достарымен де қарым-қатынасын үзіпті.

Жанар Хамитова, әнші:

- Себеп – ол өмір. Өмірде бәрі болады. Жастық шығар. Мас болдық, жас болдық! Біз бәріміз қателесеміз.

Нұржан Керменбаев, әнші:

- Сахнаға оралғалы кездескен жоқпыз. Мүмкін кездесіп те қалармыз. Кім біледі. Енді сахна бар, басқасы бар! Былай сәлеміміз түзу ғой. Сәлеміміз түзу!

Супер стардан түлеп ұшқан сылқымдар бүгінде ана атанып үлгерсе, жігіттер бір-бір үйдің отағалары. Хамитова олардың жеке өмірінен бейхабар болғанымен, ән әлеміндегі жаңалықтарын жақсы біледі.

Жанар Хамитова, әнші:

- Меніңше кім үздік. Меніңше үздік – Ринат Малцагов. Бірінші орында менің ойымша. «Бакарди» тобы да жақсы. Настя мен Женя. Ерлан да. Бәрі жақсы сияқты. Алтынай жоқ деймін. Америкада тұрады деп естідім.

Ал, қара бала эстрадаға қайта келген экс-ғашығының қазіргі шығармашылығынан хабардар көрінеді. Тіпті жаңарған Жанардың әндеріне оң бағасын береді.

Нұржан Керменбаев, әнші:

- Әнін кішігірім естідім. Бірақ клипін көрген жоқпын. Әні жақсы, жақсы, әні жақсы. Қазір мен ол кісіге тек сәттілік тілмеймін сырттай шығармашылықта, иә!

Бүгінде Нұржанның бұрынғы сүйіктісі шығармашылыққа білек сыбана кіріскен. Жанардың күні кеше су жаңа клипі жарыққа шықты!

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться