«Опмай» орындаушылары мен «кьюпоп» өкілдері арасында ашық айқас басталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Опмай» әні тыңдарманын тапқалы, аталмыш хиттің орындаушылары да қызу пікірталастың қақ ортасында. Ұзақ жылдар бойы үнсіздікке тап болған «Азия» мен «Бақай» бұл жолы кью-поп өкілдерінің сыртқы стиліне шүйлікті.

«Азия» & «Бақай»:

Шет ел азаматтары біздің жаңа толқынды, яғни кью-поп толқынды көрсе, кэй-поп деп қабылдайды бәрібір. Qpop, бір kpop-тың филиалы сияқтымыз!

Иә, атышулы «Ninety One», «Мadmen», «EQ» сынды бойзбендтер қазақ поп музыкасының өркендеуіне барынша үлес қосуда аянбай тер төгіп келеді. Сондықтан болар, бұл жігіттер сырт көздің сынына көбінесе құлақ түрмейді.

EQ тобы:

- Ол бізден кей-поп көріп тұрса, демек ол сіздің ойыңыз. Ал егер сіз кью-поп көріп тұрсаңыз, сіз дамудың иісін сезіп тұрсыз. Былай қарап отырсаңыз, біздің тіліміз де, фэйсымыз да, мәнеріміз де қазақи. Қазақша сөйлеп тұрғаннан кейін, мен бұл жерде «кей» деген нәрсені қоспай, «кью» деп айтар едім. Q-pop – бұл қазақ поп!

«Азия» мен «Бақай» тобын қынжылтатын жайт: шаштарын түрлі түске бояп, құлаққа сырға таққан жігіттердің болмысында қазақи колориттің болмауы!

«Азия» & «Бақай»:

- Біз өзіміздің жаңа бағытты, қазақи бағытты. Жаңа заманауи оранжировкамен басқа бір стиль үлгісін табу керекпіз. Мен солай ойлаймын. Әрине, көптеген ізденіс керек. Көптеген еңбек керек. сондықтан дәл солай шашты бояп қана емес, басқа бір өзімізше стиль табу керекпіз деп ойлаймын.

Ал, музыка әлеміндегі мақсатына жетуге мықтап кіріскен кью-поперлер алған беттен қайтпақ емес!

EQ тобы:

- Біз осы бренд арқылы әлемдік деңгейге жету мақсатында, жасалып жатқан жұмыстар көп. Және де бұл нәрсеге кедергі болыңыз, болмаңыз, бәрібір де өзінікін жасайды деген ойдамыз.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться