Жұлдыздар жазғы демалысын қайда өткізбек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерке Есмахан, Динара Сәтжан, Аша Матай! Сылқымдар жаз басталмастан, шетел асып, деамалысқа аттанып кетті. Олардың ізін жалғауға асыққан жұлдыздар да жетерлік. Өнер өкілдері арасында, әзірге ең сұраныстағы бағыт - Түркия еліне саяхат.

Ғазрет Ержанов, актер:

- Қайда барсам, шетелге барсам болады ғой әрине. Қай жер, бармаған жерге барған жақсы. Мысалы, мен Америкада болдым, Тайланд. Түркияда болған жоқпын. Сол Түркияға барып қайтсам ба деймін.

Айдана Меденова, әнші:

- Жазғы демалысымызды жоспарлап жатырмыз. Құдай бұйыртса, июль айында шығатын шығармыз. Көреміз енді, жақсы жұмыс істеп, жақсы демалу керек. Әлі белгісіз мүмкін Түркияға.

Ринголық Аян Бірбаев үшін «қайда» емес, «кіммен» шетелге шығатыны маңызды. Қолы қалт етсе, жанұясымен уақыт өткізуді жөн санайтын ол, барар жерімізді отанасы шешеді деп отыр.

Аян Бірбаев, «RinGo» тобының әншісі:

- Демалысқа шығып қаламыз деген үмітіміз бар. Өйткені біз қыста бара алмадық. Кем демегенде бір барып алу керек, өйткені демалып алу керек, ойды тазартып алу керек. Бірақ, оны өзім ғана шешпеймін, келіншегіммен, балалармен ақылдасып шешеміз біз.

Ал, өнер өкілдеріндей өзге елде демалуға мүмкіндігіңіз болмаса, көңіліңізді еш түсірмеңіз! Себебі, «үлде мен бүлдеге оранған» жұлдыздардың өзі әр жазда тынығудың орнына, аянбай тер төгуге мәжбүр.

«Ninety one» тобы:

- Жазды августте өткіземіз. Алдағы уақытта тур бар бізде. Жазда автобуста өткізетін ойымыз бар.

Данияр Өтеген, «RinGo» тобының әншісі:

- Осы жазда көп жұмыс жасау керек. Жаңа сезонға дайындалу керек. Қазіргі кезде Рингомен жаңа әндер іздеп жатырмыз

«Тынығуға уақыт табылар. Одан да, ерінбей еңбек етейік» дейді танымалдар.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться