Арнау! Димаштың Елордадағы жеке кеші отандық жұлдыздар арасында қызу талқыға түсуде...

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде Димаштың күні мен түні дәл осы студияда өтіп жатыр. Себебі, таяуда жауапты сәт. Аты әлемге әйгілі әнші еліміздің бас қаласында «Арнау» атты шоуын ұсынбақ. Жаһанға жасындай жарқыраған қазақ баласының жетістігіне отандық жұлдыздардың берер бағасы жоғары.

Мақпал Исабекова, әнші:

-Димашқа қатысты менің пікірім баяғыда қалыптасқан. Өте дарынды, өте талантты жігіт. Димаштың уақыты осы енді келді. Өйткені, бұрыннан бері сахнада ән айтып жүрген Димашты көбісі тани білмеген ол кезде.

Шоу-бизнес өкілдерінің бір тобы Димаштың талантына бас исе, енді бір легі Құдайбергеннің ән таңдаудағы талғамына дән риза.

Жігер Ауыпбаев, әнші:

- Мысалы шет елдің әндерін жаңаша түрде, жаңа форматта басқа қылып жеткізді бүкіл халыққа, бүкіл әлемге деп айтса болатын шығар. Енді репертуарында «Махаббат бер маған» осы әні маған өзіме қатты ұнайды.

Жігер Ауыпбаев, әнші:

- Осы жақында «Арнау» деген кеші болғалы жатыр ғой Димаштың. Сол кешінің бас жағына бізді Айри екеумізді қонақ ретінде шақырған еді. Бірақ мен қатты өкініп жатырмын. Сол кешке қатты барғым келген негізі. Бірақ алдын-ала бір жерлермен келісіліп қойғаннан кейін ыңғайсыз жағдай болды.

Иә, Димаш бұл кеште вокалдық қабілетімен қатар, ерекше шоу бағдарламамен де тыңдармандарын тәнті қылмақ. «Арнауды» асыға күтіп жүрген жұлдыздардың санатында Ринат Малцагов та бар.

Ринат Малцагов, әнші:

- Өйткені, сондай бір шет елдік, менің ойымша Қазақстан осы уақытқа дейін көрмеген шоуды Димаш ұсынады деп ойлаймын. Сондықтан да осы шоудың, концерттің куәгері болуға тырысамын.

Дирстар тағатсыздана тосқан дүбірлі шоу 29-шы маусым күні, Нұр-Сұлтан шаһарында өтпек.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться