«Ойыншықтар хикаясы» мультфильмі отандық прокатта көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киномандар үшін өткен уик-эндттің үздігі - «Ойыншықтар хикаясы 4» мультфильмі.Анимациялық лента, «Дисней» киностудиясына айналымдағы алғашқы аптада 50 млн теңгеден аса пайда әкелген. Сүйікті көрермендеріне жаңа хикаямен оралған әйгілі туындының қазақ тіліне тәжімаланған нұсқасы да көптің көңілінен шыққанға ұқсайды.

Алдыңғы үш бөлімін басып озған лентаның бүгінгі табысы, дүние жүзі бойынша 118 млн АҚШ долларын құрап үлгерген.

Крис Хемсворт кезекті картинасымен 29 млн теңге кіріс көріп, екінші сатыға жайғасты. «Қара киімді адамдар: Интернэшнл»-дің кезекті хикаясын ұсынған актер, тыңшыларды қайта жасақтамақ. Шытырманға толы фильмде, оларға өз арасындағы сатқынмен соғысуға тура келеді.

Ал, «Marvel Comics»-тің фантастикалық «Х Адамдар: Қара Феникс» лентасы, 25 млн-ға жуық қаражатпен көштен бір елі қалысар емес. Үздік үштікті түйіндеп тұрған аталмыш франшизаның 12-ші бөлімі.

Су жаңа картина, актриса Софи Тернердің кейіпіндегі, Джин Грейдің оқиғасына негізделген. Өзгеғаламшарлық суперқаһарман бикеш, қара феникстің құрбаны атанады.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться