Cardi B соттала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Cardi B-дің басы даудан арылмай-ақ қойды! Еске салсақ, сылқым түңгі клубтардың бірінде екі бишіге қастандық жасады деп айыпталған-ды. Сол сәттен бері, өзінің кінәсіздігіне күмәнмен қарайтындарға өнерпаз, тың туындысы арқылы жауап берді.

«Press» клипінде сот залында отырған Карди Бидің, шынайы өмірде мәселесі қыркүйекте қаралмақ. Әзірге тағылған айыпты мойындамай отырған бикешке қарсы айғақтар табылса, 12 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ал, Madonna болса, қылмыстық істерді әшкерелеуді қолға алды. Кезекті видеосында прокурордың қызметіне кіріскен поп-патшайым, «Madame X» альбомына енген «God Control» туындысына дәл осы сюжетті арқау етіпті.

Майталман әртістің көздегені, танымалдығын қайта жаңғырту.

Билли Айлиштің ізімен! Атағы асқақтаған өнерпаздың туған ағасы Finneas, «I Lost A Friend» трегіне су жаңа бейнебаян ұсынды.

Шығармашылығын алғашында актерлықтан бастаған Финнеас, Билли Айлиштің продюсері. Бозбала өнердегі өзге әріптестерінің туындыларына авторлық етіп те, кеңінен танылған.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться