Даттық «Outlandish» ұжымының дәл осы туындысы әлемді жаулаған еді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Тіпті, топтың тыңдарманы арасында қазақстандықтар да көп болды. Алайда, бойзбендтің шығармашылығы бүгінде мүлгіген тыныштыққа кеткендей. Жігіттер қазір қайда жүр?

«Outlandish» тобы:

- Иә, біраз уақыт көзден таса болдық. Біз жаңа альбомымызды жазу үстіндеміз. Жинағымыз қыркүйек айында жарық көруі тиіс. Одан бөлек, жуырда ғана жаңа бейнебаянымызды таспалап болдық. Қысқасы, шығармашылғымызға шыңдап кірісудеміз.

Еске салсақ, «Outlandish» 1991 жылдан бастап өнер әлемінде. Үш жігіттен құралған ұжым, бүгінде дуэтке айналған. Елімізге «Star of Аsia» музыкалық фестивалінде өнер көрсету үшін арнайы шақыртылған топ, қазақ музыкасын тыңдап, таңданыста қалған.

«Outlandish» тобы:

- Қазақстанға келгенде радиодан қазақ әуендерін тыңдадық. Сіздердің музыкаларыңыз заманға сай дер едім. Байқағанымыздай, Қазақстан әлемдік трендттерден әрдайым хабардар. Мысалы, қарапайым мысалы кью-поп дер едім.

Одан бөлек, еліміздің көз тартар сұлулығы мен әсем табиғаты, халқы мен оның ыстық ықыласына тәнті болған «Outlandish»-тықтар Қазақстанға қайта оралуды көздеп отыр.

«Outlandish» тобы:

Қазақстанға турнемен келу ойымызда бар. 1-2 қала емес, бүкіл Қазақстанды аралағымыз келеді. Сәтін салса, бұл жоспарымызды келер жылы жүзеге асыруымыз мүмкін

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться