Ирина Шейктен айырылған Брэдли Купер бармақ тістеп қалды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ!» Жанкүйерлері Брэдли Куперге өкпелеп, Иринадай жақұтты бағалай алмағанын айтып, айып тақты.

Сүйіктісімен бір жола ат құйрығын үзіскен Ирина Шейк жастық құшақтап, жылап жатпақ емес! Сән апталықтарының подиумдарында жарқырады, фотоссесияларға қатысты, дәл қазір анасы мен қызы үшеуі Нью-Йоркте демалып жатыр. Сәнбикенің соңына түскен папарацциде аз емес! Күнделікті суреттерінде аса көңілді жүрген Шейкті көрген көпшілік, «сұлу сылқымнан айырылып қалғаның үшін бармағыңды тісте» деп Брэдли Куперге дүрсе қойды.

Брэдлидің жеке өміріндегі жағдайы мәз емес болса да, шығармышылығы шарықтап тұр. Актердың Леди Гагамен қосыла шырқаған әндерінен құралған үнтаспасы – ең көп сатылған пластинка атанды! Осы уақытқа дейін алты миллион данасы таралып үлгерген.

Орландо Блум мен Кэти Перри той дайындығына қызу кірісті! Жұлдызды жұп көптің назарын аудырмай, ет жақындары арасында ғана шағын неке қию салтанатын өткізуді жоспарлап жүр. Сылқым мерекенің майда-шүйде жұмыстарын атқаруды мойнына алса, Орландо тойды ұйымдастыруға түгелдей дерлік өзі жауапты.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться