«Ревю» биылғы телемаусымды қорытындылайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ревю» журналистері аптаның 7 күнінде, тәуліктің 24 сағатында микрофондарын қолдарынан тастаған емес, камера әрқашан қосулы! Себебі, секунд сайын орын алып жатқан түрлі жаңалықты қалт жібермеу – басты мақсатымыз!

Бізге ұйықтамақ түгілі, бір сәт қалғып кетуге рұқсат жоқ! Себебі, әр күні сағат 19:05-те экран алдында жаңалықтарымызды тосқан көрерменнің сенімі жігерлендіреді.
Жаңа маусым басталғалы бүгінге дейін 159 эфир өтті! Онда көрсетілген әр сюжет эксклюзивті жаңалықтарға толы! Мәселен, жұлдыздардың отау құруы, сәби сүйіп, перзентханадан шығуы, тың туындыларының тұсау кесерлері, туған күн мен думанды тойлары біздің объективтен тыс қалған емес.

Бұдан бөлек, технологиядағы тың жаңалықтар, кинопремьералар, сән апталықтары, қызыл кілемдер мен ауқымды фестивальдердің қайнаған ортасында да үнемі біз жүреміз.

Толассыз түсірілім, үздіксіз монтаж бен тоқтаусыз жасалып жатқан сюжеттер легі! «Ревю» командасы дәл осы күнделікті атқаратын тірліктерінен қол үзіп, демалысқа шықпақ! Жаңа ойлар мен тың идеяларды топтастыру үшін, аздаған үзіліс алуды көздейді. Сондықтан, жаңа маусымда, яғни қыркүйетің басында бұдан да ауқымды, әрі қызықты жоба күтіңіз! Көріскенше, көрермен!

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться