«Мен сен емес!» «Ninety one» жайлы деректі лента, аға буынның ойын күрт өзгертті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Тұсаукесеріне «Ninety one»-ның өзі қатысып, таныстырылымы бірден екі шаһар - Алматы мен Шымкентте өткізілген «Мен сен емес» картинасына зор үміт артылған-ды. Алайда, атышулы топ туралы деректі фильм кассалық табысы жағынан көш бастай алмайды. Соған қарамастан, лентаның авторлары көңілдерін түсірмейді.

Катерина Суворова, режиссер:

- Бұл біз үшін тәжірибе және зерттеу. Отандық деректі картинаның прокатқа шығуы сирек құбылыс. Оның үстіне жарнамалық кампаниямыз да кішігірім болды. Деректі фильм арқылы ақша табу оңай емес.

Қалтаның қамы емес, бастысы фильмді көрермен жүрегіне жеткізе білу дейді режиссер. Бұл орайда, жоба авторларының діттегені орындалғандай. «Мен сен емес»-ті алғаш болып тамашалаған көпшіліктің киноға көңілі тоқ.

- Оның ерекшелігі басқа фильмдерден, жалпы «Ninety one» білген жоқ оларды түсіріп жатқанын.Қандай эмоция барлығы шын өмірде қалай болған, нақты солай көрсетілген.

- Бұл фильмді негізі хейтерлерге көрсету керек деп ойлаймын. Сол кезде олар оны көріп, «Ninety one» деген ойлары өзгереді.

Хейтерлер демекші, аталмыш туындыны тамашалаған соң, аға буын «Ninety one»-ға қатысты пікірін бірден өзгерткен.

- Мен немерем Раушанның арқасында қазіргі жастар действительно қандай жастар кермет екенін білдім. «Ninety one»-ға мен бұрын дұрыстап қараған жоқпын.

Қазақстандық ұжымға қатысты шетелдік көрерменнің де пікірі де оң болады деп сенеміз. Енді картина Кореяда өтетін халқаралық кинофестивальге аттанбақ.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться