«Мен іздеймін!» Ең үрейлі лента атанған фильм, отандық прокаттың көшін бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық көрермендер өткен уик-эндтің ең үздік картинасын анықтады! Кассалық табысымен көш бастаған – «Мен іздеймін» фильмі.

Үрейге толы детективті лента қоржынын 46 млн-нан аса теңгемен толықтырған. АҚШ елінің кинотуындысы, жас қалыңдықтың оқиғасын баяндайды.

Алайда, келін атанған бойжеткен сүйіктісінің отбасылық сырларынан бейхабар. Олардың мақсаты - жас қыздың өмірін алу.

Екінші сатыда 28 млн қаржымен «Angry Birds»-тің екінші бөлімі. Көрерменге жаңа хикаямен қайта оралған мультфильм кейіпкерлері, бұл жолы Зета есімді зұлым жанмен күресу үшін барын салмақ.

Компьютерлік видео ойындар негізінде таспалаған анимацияны киномандар 100-ден 71 пайызға бағалап отыр. Лента, отандық прокатта үш апта қатарынан үздіктер арасынан табылды.

Актер Джерард Батлер басты ролін сомдаған «Періштенің құлауы\Падение ангела» фильмі үштікті түйіндейді. Киносүйер қауымның көңілінен шыққан туынды, бұл аптада 17 млн теңге пайдаға кенелген.

Атыс-шабысқа толы картинада Джаред, АҚШ президентіне қастандық жасады деп айыпталып, басты күдікті атанады. Кезінде федералды тергеу бюросы қызметкері болған ол, енді өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тиіс.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться