«New York Fashion Week»-те Кая Гербер мен Джиджи Хадид сәнқойларды таңқалдырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаһан сәнқойларының басын қосқан New York Fashion Week жалғасуда! Дизайнерлер топтамасын таныстыруды барынша ерекшелендіре түсуге талпынуда. Мәселен, Том Форд The Big Apple-дің метрополитенін подиумға айналдырды! Ал, кештің бас жұлдыздары Кая Гербер мен Джиджи Хадид!

Негізі сәнгер көктем-жаз топтамасын барынша ұстамды етуге тырысқан. Түстердің әралуан миксі, спорт-шик пен кэжуалдың ұтымды үйлесімі - коллекцияның басты ерекшелігі.

Том Фордтың жаңа туындыларына Майли Сайрус, Анна Винтур, Амбер Валетта сынды жұлдыздар алғашқылардың бірі болып баға берді.

Кара Делевинь, Кендалл Дженнер, Алессандра Амбросио сынды подуим ханшайымдары болса, дәл осы сәтте DKNY брендінің 30 жылдық мерейтойын тойлап жатты.

 

 

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться