New York Fashion Week-те Кара Делевиньнің «жанын көзіне көрсеткен» кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

New York Fashion Week өз мәресіне жетіп қалды. Сән апталығының осы маусымның бас жұлдызы - Ирина Шейк десек жаңалмаспыз. Сылқымды подиумға шығармаған брендтер кемде-кем. Бүгін супер сәнбике «Oscar de la Renta» топтамасын таныстырды.

Брендтің негізін қалаушы Оскар-Аристид Рента-Фиальоның Доминикано Республикасының тумасы екені белгілі. Сондықтан сәнгердің латын-америкалық түп-тамырына негізделіп, топтама құрастырылған.

Бұдан өзге, Кара Делевиньннің жаны көзіне көрінген күн болды. Қызыл кілемде жәйбарақат сұқбат беріп тұрған сылқымды Джиджи Хадид пен Джоан Смоллс келіп қорқытып, жүрегін ұшырды.

Кара Делевинь – сәнбике

- Қалжыңды түсінеміз ғой. Қыздарға ренжігенім жоқ. Керісінше, көңіліміз бір көтеріліп қалды.

 

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться