Ирина Шейк, Белла және Джиджи Хадид «London Fashion Week» – тің подиумында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Burberry сән көрсетілімі! London Fashion Week меймандары бүгін Риккардо Тишидің топтамасына баға берді! Брендтің креативті директоры подиумды жұлдызды сәнбикелермен толтыруды мақсат тұтқандай!

Көктем-жаз 2020 коллекциясын Ирина Шейк, Кендалл Дженнер, Белла және Джиджи Хадидтер һәм 2000 жылдардың супер – сәнбикесі Агнесс Дейн таныстырды. Нью-Йорк фэшн уиктен соң бір серпіліс болсын деді ме, Кендалл Дженнер аққұба аруға айналып, Бэлла шашын қысқартып имидждарын өзгерткен. Сәнқойлардың көзіне оттай басылған модельдердің тағы бірі – Алеся Кафельникова. Еске салсақ, рэпер Фараонмен ат құйрығын үзісіп, «жұбанышты» есірткіден тапқан сәнбикенің соңғы кезде тағдыры тым ауыр болғанды. Дегенмен, қиындығын жеңіп, музыка жазып, подиумға қайта оралды. Риккардо Тиши да оған қолдау білдіріп, эксклюзивті келісім шарт ұсыныпты. Бұл жаңалықты естіген Алеся болса, бэкстейджде көз жасына ерік берген.

Коллекцияға келсек, Тиши Burberry табынушыларының ауқымын барынша кеңейтуге ұмтылған. Подиумнан жастар жаны сүйетін – оверсайз, спорт-шикті, классикалық үлгідегі киімдерді де көзіңіз шалады. Тіпті, кешкі көйлектер де бар.

 

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться