«Ninety One», «EQ» және «MadMen»! Кім мықты?! Q-pop өкілдері футболдан өзара сайысқа түсті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өздері ермек еткен бұл спорттағы соңғы жаңалықтардан олар неге бейхабар?

Нүрсұлтан Есжан, тілші:

- Дәл қазір мына алаңда «Ninety One», «EQ», «MadMen» топтары футболдан жарысқа түседі. Кью поп өкілдерінің өзі дәл осы спорт түрінен қаншалықты хабардар. Бірге анықтайық...

Қазақ поп музыксы өкілдерінің бас қосуы сахнада емес, бұл жолы футбол алаңында орын алды. «Q-Fest» аясында ұйымдастырылған шара, үлкен шоу алдындағы кішігірім коннект – жаттығу болса керек.

Томирис Жанғазинова, әнші:

- Не турнир болып жатыр бұл жерде, Томирис?

- Бұл жерде кью-поп әншілер арасында футбол ойнап жатыр.

- Кімге жанкүйерсің?

- «Ninety One»

«EQ» тобы:

- Жалпы не турнир, жыл сайын өткізіліп тұра ма?

- «Q-Fest» -тің жалпы мақсаты, бұл жерде өзіміздің спортқа деген иекемімізді музыка арқылы болсын, қай жағынан болсын да көрсету. Яғни, спортпен айналысу керек деген нәрсені жастарға насихаттау.

Жігіттер футбол ойнаса, қыздар қауымы қолдау үшін келген-ді. Ал, біз команда мүшелерінің бұл спортқа қызығушылығын анықтап көрген едік.

-Қазақстандағы ең қымбат футболшы кім?

- Мен білемін Аршавин.

- Қазақстанда.....ммммм

- Ой білмейді екем. Көшіп келген кім еді, Аршавин ба?

- Аршавин емес. Марин Томасов. Астана 3 млн евро

- Астана қай клубты жеңіп, топтық кезеңге өтті?

- Ммммммм

- Білмеймін.

-Ммммммм

-Батэны жеңді.

- Бір аптадан кейін Еуропа лигасында Астана кіммен ойнайды.

- Португалия.

-Қандай Португлия? Бұл клуб, бұл мемлекет емес.

- Өкінішке орай футболды аса көп қарай бермейміз. Бірақ, анда - санда жаңалықтардан көремін.

-Білмеймін.

-Манчестр

-Ең талантты футболист кім деп ойлайсың Қазақстанда?

-Қазақстанда.....Исламхан, ия мен оны білем.

- Ммммммм

Футболды ермек етіп жүрген өнерпаздар, бұл спорт түрінен мүлдем бейхабар болып шықты. Жігіттер шығармашылықтан қолдары босамайтынын алға тартып ақталды.

«MadMen» тобы:

- Кью-поп өкілдері арасындағы футбол жарысында «MadMen» өзі жеке бір құрам. Солай ғой. Қаншасыншы келе жатырсыңдар, қанша ұпай бар сендерде.

- Біз енді ғана бірінші матчты бітірдік, ұтылып қалдық өкінішке орай.

- Кімнен?

- «Дивайн» тобынан.

Дәл осы топ, «Ninety One» бірге соңғы матчқа дейін жеткен еді. Шешуші сәтте «Дивайн» құрамасының жігіттері пенальтимен «91»-ді басып озды. Осылайша, аталмыш ұжым бұл сайыста «оқ бойы озық шығып», жеңіс туын көтерді.

Нүрсұлтан Есжан, тілші

- Кью-поп өкілдерінің арасындағы футболдан жарыс, өз деңгейінде қызықты өтуде. Дей тұрғанмен, менің тарапымнан қойылған сұрақтарға жігіттердің шала-шарпы жауап бергеніне футбол ойнағаннан гөрі, бұл жігіттердің ән айтып жүре бергендері абзал сияқты.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться