Айнұр Тұрысбек тың топтамасы арқылы ата текті ұмытпауға шықырды

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тілші

- Айнұр Тұрысбек әрбір топтамасын подиумға шығаруды белгілі бір перфоманспен ұштастырады! Театрландырылған қойылым, опера, би өнері деген сынды! Бұл жолы – прима-балерина Сәуле Рахмедованың жетекшілігімен балет қойылады!

Әсерлі қойылымынан кейін, дизайнердің су жаңа топтамасы таныстырылды. Фэшн көрсетілімде де, балет өнерпаздары сахнадан алыстай қойған жоқ. Қысқасы, сән мен би бұл сахнада үйлесім тапқандай.

Айсара Бисенова, тілші

- Сәуле сіз үлкен сахнада, халықаралық деңгейде қойылымдарды қойып үйреніп қалғансыз. Подиумға осылай балет қою қалай, әсеріңіз қалай?

Сәуле Рахметова, прима-балерина:

- Білесіздер ме, бұл менің сән сахнасындағы алғашқы тәжірибем. Сондықтан, қатты қобалжыдым. Айнұр ұсыныс білдіргенсоң, көп ойлана келе Шубердтың дәл осы туындысын таңдадым. Балетті фэшн көрсетілімге арнайы әзірлеп шығардық. Меніңше, қойылым жаңа топтамаға сай сияқты.

Жаңа коллекциясында «былғары ханшайымы» былғарыдан бас тартпаса да, үлгілерде нәзіктік байқалады. Киімдердегі қауырсын мен шыт мата, осы сөздеріміздің дәлелі.

Айсара Бисенова, тілші

-Бұл топтамаңыз ерекше болды. Әдеттегі қара түстердің орнына ақ, сұр түстерді қосыпсыз.

Айнұр Тұрысбек, дизайнер:

- Иә, мен қара түсті жақсы көретінімді жасырмаймын. Себебі ол, адамды ойландыратын түс. Сондықтан да, қараға басымдық танытатыным рас.

- Айнұр, коллекцияңыздың аты tegi. Не мағына береді?

- Әр коллекциямызға ат қоюды әдетке айналдырғам. Бұл жолы «tegi» деп шығаруды жөн көрдім. Шыққан тегі, түп тамыры деген мағынада. Бүгінгі топтамамызды шығара отырып, әркім өз шыққан тегін біліп, абыройын асқақтауы тиіс деген оймен жасадық.

Осылайша диазайнер, сән арқылы әр адамды түп тамыры мен ата-тегін ұмытпауға шақырады. Ал Айнұр топтаманы тамашалауға келген Леониц Жеребцов сын айтуға жүрексінді ме, үлгілерге «жақсы» деген баға берді.

Леонид Жеребцов, дизайнер:

- Айнұр фэшн саласында бизнес жасап жүрген санаулы жанның бірі. Маған оның перфоманстары қатты ұнайды. Коллекциялары да жаман емес. Бәрі керемет.

Сән қуған сылқымдар мен дизайнерлер ғана бұл кештің қадірлі қонағы атанды десеңіз қателесесіз. Жиналған жұрт арасынан, саясаттанушы Досым Сатпаевты кездестіріп қалдық.

Досым Сатпаев,саясаттанушы:

- Менікі дәл осылай фэшн шараларда өте сирек кездестіресіз. Алайда, Айнұр Тұрысбек менің ең жақын досым. Сондықтан уақыт болса көрсетілімін жібермеуге тырысамын.

Олай болса, саясаткерге Айнұр Тұрысбектің келесі көрсетілімінде кездескенше дейміз.

 

 

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться