Димаш Құдайбергеннен тарту!

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаш Құдайбергеннен тағы бір тарту! Әнші – екінші бейнебаянының тизерін ұсынды. Михаил Гуцериев сөзін, ал, Игорь Крутой музыкасын жазған «Know» (нoу) туындысына Алан Бадоев бейнебаян таспалаған. Локация ретінде Исландияның әсем табиғаты таңдалған.

Түсірілім жұмыстары тамызда Исландияның оңтүстік жағалауында өткен. Димашқа СкОугафосс мұзды сарқырамасының астында, бір ғана жұқа көйлекпен сағаттап тұруға тура келген. Күннің суық болғаны соншалық, түсірілім тобы бұл кезде қыстық қалың күртеде жүргенді.

Әншінің «Арнау» туры АҚШ-та жалғасатыны белгілі.10-шы желтоқсанда Нью-Йорктің «Barclays Center» стадионында жеке концерті өтеді. Пол Маккартни, Элтон Джон, Селин Дион, Ариана Гранде, Крис Браун, Backstreet Boys, Рианна, Jay-Z сынды талай жұлдыз ән салған бұл сахна ауқымы жағынан атақты "Медисон-сквер-гарденнен" кем түспесі анық. Бруклиндегі бұл концерт залы 19 мың көрерменді сыйдыра алады. Билет құны – 46 доллардан басталып, 126 көк қағазға жетіп жығылады.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться