Джей Ло түскен картина отандық прокатта көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық көрерменге жол тартып үлгерген кинокартиналар арасында топ үштік анықталды. Кассалық табысымен көш бастаған «Hustlers» фильмі.

Дженнифер Лопес, Карди Би және Лиззо! Әлемге танымал әншілер басты ролдерін сомдаған лента, қоржынын алғашқы аптада 97 млн теңгеден аса қаржыға толтырды. Картинада түңгі ойын-сауық орталығында би билеп, күн көретін қыздардың хикаясы баяндалады.

Талантты бишілер Уолл-Стрит қызметкерлерінен өш алу үшін түрлі кулыққа барады. Олардың мақсаты – халықты тонаған биржа мүшелерін тақырға отырғызу.

Өткен уик-эндтте екінші орынға хоррор «Оно 2» фильмі жайғасты. 70 млн теңгеге жуық кіріс көрген туынды, Стивен Кингтің романы желісінде таспаланған.

Еске салсақ, лентаның бірінші бөлімінде жеті бірдей балақай Пеннивайз клоунымен кездескен еді. Енді араға 27 жыл салып, есейген шақтарында олар дәл сол қауіпті кейіпкермен қайта жүздеспек.

Ал, «Мен іздеймін» фильмі 36 млн теңге пайдамен үздік үштікті түйіндейді. Детектив жанрындағы үрейге толы картинада жаңадан қалыңдық атанған бикештің шытырман хикаясы көрсетілген.

Сюжет желісінде, тұрмысқа шыққан ару алғашқы түні-ақ, күйеуінің отбасы құрған тұзаққа түседі. Енді, ол тек аман қалу үшін күресуге мәжбүр.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться