Бритни Спирстің әкесі сотталмайтын болды

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кезде Бритнидің отбасының астаң-кестеңі шығып кетті. Әншінің әкесі Джейми Спирсті экс-күйеубаласы сотқа бергенді. Кевин Федерлайн 13 жастағы ұлымды соққыға жықты деп, әділет орындарынан көмек сұраған-ды. Джейми Спирстің кінәсі дәлелденбегендіктен, бүгін тергеу ісі тоқтатылды. Дегенмен, оған енді немересінің жанына жақындауға тиым салынған. Перфоманс, эпатаж, көзсіз әрекет! Мұның бәрі Леди Гагаға жат емес. Әншінің ел алдында жасаған түрлі бассыздығына қарап, оны өз-өзіне қатты сенімді деп пайымдауыңыз мүмкін. Дегенмен, оның да өзіне ғана аян кемшін тұстары жетерлік.

Леди Гага – әнші

- Косметиканың арқасында өзімді жақсы көре бастадым. Дәл қазір бұрынғыдан да батылырақпын. Бұл – тек қана бет бояуы бизнесі емес, өз-өзіне сенімсіз жандарға деген менің үндеуім іспетті. Біз болмысымызды қабылдауды үйренуіміз керек. Леди Гаганың сөз еткені, дебюттік бьюти топтамасы. Әнші, Haus Laboratories косметикасының тұсаукесеріне орай, ауқымды кеш ұйымдастырды. «Джорджина Родригеске міндетті түрде үйленемін!» Криштиану Роналду сүйіктісімен неке қидырып, дүбірлі той жасау ниетінің барын айтты. Тек, нақты уақытының қашан екенінен өзі де бейхабар. Бұл сөздерден соң, футболшының жанкүйерлері Криштианудың жүзігі мен жүрегін ұсынатын кезін асыға тосуда.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться