Н.Сац театры 75-маусымын ашты!

Сообщить о проблеме с эфиром

-Театр родина души, и это душа всегда открыта для вас! Эти аплодисменты от великолепных артистов, для тебя наш любимый зритель!

Дәл осылай жаңа маусымының шымылдығын түрген Наталия Сац атындағы балалар мен жаспөспірімдер театрына биыл 75 жыл толып отыр. Әдеттегідей көрерменге есігін айқара ашқан өнер ордасы су жаңа спектальді жұрт назарына ұсынды.

Театр труппасы 75-ші маусымның тұсауын «8 любящих женщин» қойылымымен кесті. Француз жазушысы Робе́р Тома́ның пьессасы негізінде қойылған спектакль детектив жанрында.

Олег Гостев, театр директоры:

-Жаңа маусымды ашқан «8 любящих женщин» спекталі көрерменге ғана емес, театр ұжымы үшін де маңызды. 2 ай бойы тынбай дайындықта жүрген актерлік құрам мен режиссердің еңбегін, келген конақтар бағаласа деймін.

Сегіз бас кейіпкер кезігетін туындыда, түгелдей бір отбасының хикаясы баяндалады. Сюжет желісімен әулеттегі ер азамат қаза табады. Бұл жағдайға нәзік жандылардың бірі кінәлі. Қойылым режиссері Владимир Крыловтың айтуынша көрерменді ойға салатын оқиғалар әр кезеңде қызық.

Владимир Крылов, қоюшы режиссер:

- Меніңше, әйелдер қауымының жаман пиғылы жоқ. Бәрін бүлдіретін олардың қысқа ойлы әрекеттері ғана. Сондықтан біз, талантты команданың арқасында, нәзік жандардың табиғатын көрсетуге тырыстық.

Шытырманға толы спектальге театр ұжымының ең талантты актрисалары таңдалып алынған. Труппадағылардың бірі жасөспірімді сомдаса, енді бірі жасы келген кемпірдің образын алғаш байқап көріпті.

Татьяна Костюченко, театр актрисасы:

-Ең қиыны кемпірдің образын жасау болды. Маған актриса ретінде оның бейнесін емес, мінез-құлқын көрсету маңызды. Сондықтан гримнен бас тартып, жасы келген әйелді келтіру үшін мен олардың жан-дүниесін түсінуге тырыстым.

Барлық кейіпкердің образдарын жасақтауға байер Лилия Рахтың өзі атсалықан. Ал, алғашқы көрерменінің ыстық ықыласына бөленген спектакль, бүгіннен бастап халық назарына ұсынылады.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться