Гүлнәз Жолановаға «Қазақ аруы» атағын әкесінің сатып алып бергені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Өзге отандық жұлдыздар бір-бірімен емес, желідегі жалған ақпаратпен күресіп әлек! Айтуларынша, өздері жайлы түрлі қисынсыз қауесет, кейде төбелерінен жәй түсіреді.

Нұржан Керменбаев - алаяқ! Әншіге мұндай айдарды кезекті концертті ұйымдастырушылар таққан көрінеді. Өнерпаз кезінде «Арай» тобымен бірігіп кеш өткіземін деп басы бәлеге қалған.

Нұржан Керменбаев, әнші:

- Осыдан бес жыл бұрын қателеспесем бір бала, кішіргірім псих больницадан қағазы бар екен. Сол аруханадан шыққан және де бүйдейді да «Нұржан мен Арай тобы аферист» деп шықты. «Концертін мен ұйымдастырдым және олар маған 100 мың теңге беру керек еді, сол 100 мың теңгелерін бермей кетті, концертін мен ұйымдастырып бердім» деп.

Нұржанды айыптаған жігіт, бұл шарада тек волонтер болған. Кештің ұйымдастыруына жәрдемдескен ол, Керменбаевтің атын жамылып пайдаға кенелмек болса керек. Ал, Гүлназ Жоланова «Қазақ аруы» атанғаннан кейін, тыныштығым бұзылды деп отыр.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Қазақ аруында менің әкем жюрида отырған деп айтқан. Мен бір рет Кореяға барғанмын осыдан үш жыл бұрын, чекапқа денсаулығымды тексертуге, сол кездегі мен бір клиникада отырған суретімді алып, ота жасатқан деп. Бұл жалған ақпарат.

Жандос Айбасов өзі туралы жалған сөздің көптігінен шаршаған. Актер шығармашылығын ғана емес, жеке өмірін де талқылайтындардың пікірлерімен келіспейді.

Жандос Айбасов, актер:

- Өте көп, оның бәрін талқылай берсек, қазір бір күннің өзі жетпейді. Менің ойымша түзу жүрсең, бәрі жаңағы өсек айтатындай сен туралы әңгіме талқылайтындай, ондай бір қатты бір жан емеспін.

Жандостың айтуынша, ел алдында жүрген адамдарға шынайылық жетіспейді. Аяғыңды аңдап бассаң, артыңнан өсек ермейді, - дейді сері.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться