Шахизада бастаған өнер өкілдерінің қазіргі келіндерге көңілі толмай жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда ғана, психолог Құралай Ошақбаева «Келіндер одағын» құрып, қыздарды ақ босаға аттауға дайындау керектігін айтқан еді. Оның пікірінше Еуропаға еліктеген бүгінгінің арулары, болашақта дәстүрлі отбасы құрудан да бас тартуы мүмкін. Себебі, бойжеткендер тәуелді болудан қашқақтайды дейді ол. Маманның бұл бастамасы, өнер өкілдерін де бейжай қалдырмады.

Зарина Омарова, әнші:

- Қазіргі уақытта әйел адамы билейтін заман болған сияқты, негізінде. Енді, сырт көзге олай көрінбесе де, бірақ енді солай болып келе жатқан сияқты. Қазір әйелдер орынды біліп жүру керек деп есептеймін.

Бір келінін жіберіп, екіншісін түсірген Шаһизада бүгінгі бұрымдылардың отбасы құндылығына тым жеңіл қарайтынына қынжылады. Сондықтан, «Келіндер одағын» құру – дұрыс шешім дейді.

Шахизада, әнші:

- Заман деп айтайын десең, заман да кінәлі емес. Оған бәріне интернет кінәлі. Өйткені, нешетүрлі нәрселерді көреді, Еуропаға еліктейді. Олар қандай келін болады ертең? Сол қиындау жағдай.

«Кеш You»-дің арулары ақ келін атанып үлгермесе де, келешекте дәстүрді жатсынбаған заманауи отанасы болатындарына сенімді. Ол үшін арнайы сабақ алудың қажет жоқ дейді сылқымдар.

«Кешью» тобы:

- Мен ойлаймын, келін болу ол ең бірінші, ананың тәрбиесінен, екінші, енеден болады. Сол себепті, ол кісі, енді, өзі білетін шығар.

Ал, Мәдина Сәдуқасова болса, бір әулеттің түтінін түтетіп, сыйлы келін атанып отырғанына кәміл сенімді. Қазіргі бойжеткендердің басты міндеті өз жанұясында қазақы тәрбие алу дейді.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Қазіргі де отбасым қазақи, міндетті түрде, қонақ шақырған кезде орамал тағамыз. Оны жасырмаймын, күнделікті мамамның, енемнің алдында орамал тағамын деп айтпаймын. Бірақ, орамал тағылады. Міндетті түрде сәлем саламыз, шәй құямыз.

Осылайша, өнер иесі келіндер одағын құрмай-ақ, әрбір ару өзінен бастауы керек деген пікірде.

 

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться