Баян Алагөзова әкім болудан дәмелі ме? Продюсер қызметке кіріссе не тындырмақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Әкім» фильмін алғаш болып тамашалаған өнер өкілдері, шенеунік болуға аздап ойланып қалғандай! Мәселен, Баян Алагөзова басшы болсам, ең әуелі «жемқорлықпен» күресемін деп, бекініп отыр.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Егер әкім болсам, барлығын қиратып, түбегейлі өзгеріс әкелемін деп айта алмаймын. Себебі, бүгінгі жүйені өзгерту мүмкін емес. Сондықтан, абайлап-ақырындап, ең әуелі жемқорлықпен күресер едім. Пара беру қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.

Продюсер ханым, өзінің адал басшы бола алатынына кәміл сенеді.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Егер әкім болсам, ісіне өте адал, әділетті болатыным анық.

Есесіне, Бүркіт әлдекім «әкім бол» деп ұсыныс түсірсе, ат тонымды ала қашамын дейді. Әнші сахна төрін жылы креслоға ауыстырмайтынына бек сенімді.

Бүркіт, әнші:

- Мен әкім боламын деп армандаған емеспін де ешқашан да. Өйткені ол саясат, саясатқа жақындағым да келмейді. Мен тек қана өнерде жүрген азаматтардың бірімін.Әр нәрсенің өз қиыншылығы бар. Әр жұмыстың. Әнші бол, актер бол немесе заводта жұмыс істе.

Қысқасы, өнерпаз үшін әншіліктің қиындығы әкімдікімен пара-пар. Ал, Санжар Мәди болса, «басшы атансаңыз нені өзгертер едіңіз?» деген сауалға әзіл-қалжыңы аралас жауап берді.

Санжар Мәди, актер:

-Егер әкімдік қызметке тағайындаса, «дәстүр» бойынша веложолдарды қайта қалпына келтіріп, көшенің бәрін қайтадан қаздырар едім. Бүкіл бордюрларды қайтадан ауыстырып, жаңа асфальт төселген жерге қайта асфальт төсер едім.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться