Балжан Бидашты тыңдарманы жеке әнші ретінде қабылдамады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Балжан Бидаш бүгін екінші бейнебаянының түсіріліміне кірісті! Жас әнші ашық-жарқын образдарға лайық етіп ерекше локация таңдаған.

Балжанның жеке шығармашылығындағы кезекті туындысы «Бақытты күй» деп аталады. Композиция Армениялық әншіге тиесілі.

BIDASH, әнші:

-Бұл ән Лилит Оганесянның әні, ол бұрын өзі орындаған. Содан кейін мен одан рұқсат сұрап алдым. Сондай бір көңілді ән, әрқашан жарқырап жүр деген сияқты ғой. Мотивация беретін ән. Сол енді бейнебаянмен халыққа көңіл күй береміз деген ойдамыз.

Продюсерсіз жұмыс істейтін Бидаш, бейнебаянның режиссерлық тізгінін де өз қолыма алдым деп отыр.

BIDASH, әнші:

-Бұл жолы да стилист өзім, режиссерлық өзім деп айтсам болады. Сценарий жағы, бәрі өзімнің идеям.

Бидаш, осындан үш ай бұрын дебюттық клипін жарыққа шығарған еді. «Кешью» тобында жүріп миллондап қаралым жинайтын Балжанның «Жалғызым» трегіне таспаланған туындысы, тыңдарман көңілінен шықпаған. Видеоның YouTube-тағы қаралымы не бәрі 160 мың.

BIDASH, әнші:

-Енді себебі әр түрлі, миллион болып кетпесе де, бірақ кішкене көрермен жинауға ол мезгіл әсер етті десем болады жаз айы деген сияқты. Көрермен активносты болмайды. Екіншіден енді ол менің қалауымдағы ән. Қалауымдағыны жасағым келді. Солай халыққа ұсындым.

Экс-«Кешью»-лік ару енді лирикалық емес, ырғақты ән ұсынбақ. Бикеш, тіпті тойда да өнер көрсетуге ниетті.

BIDASH, әнші:

-Енді тойдың әні деп те айта алмаймын. Орташа негізінде. Қатты ондай тойский деп айта алмаймын. Бірақ тойда билеуге ыңғайлы сондай өте көңілді ән.

Ал, Балжанның су жаңа туындысы тыңдарманын көп күттірмей, бірер аптада дайын болады.

 

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться