Альмира Тұрсын басты рөлге қалай қол жеткізді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жарқырап қызыл кілемде жүру, қошеметке бөленіп сұқбат беру... Кино саласы – кім-кімді болмасын елтіп әкететін әлем. Бірі бұл бағытқа белсене ұмтылса, енді бірі түсірілім алаңына кездейсоқ тап болады. Бұған айқын дәлел – Альмира Тұрсын. Кастингке асығыс қатысып, іріктеуден іркілмей өткен оның негізгі мамандығы – коуч-психолог. «Режиссерлық топ мені суретіме қарап таңдаған, ал ол жерде актерлық шеберлікті де көрсету керек болды» дейді Альмира.

Альмира Тұрсын, актриса:

- Иә, енді мен қабылдағанда сол рөлге, енді мен де кішкене таңқалдым, себебі көп адамдарға ұнап, жақсы сөздерді естідім. Бір жақтан ол өте жақсы, бірақ басқа жақтан мен уайымдап жүретінмін, себебі олар тек менің фотомды көріп қабылдады, бірақ ойын ол басқа ғой.

Киноға кездейсоқ келуге болатынын дәлелдеген тағы бір актер - Данияр Алшын. Оның бұрын банкте қаржыгер болып қызмет еткенін бірі білсе, бірі бейхабар.

Данияр Алшынов, актер:

-Жұмыста сәл қолым босаған кез еді. Неге кастингқа барып көрмеске деп ойладым. Бардым. Маған ұнап қалды. Кино әлеміне кетпес бұрын, актер болғың келе ме, жоқ па жақсылап ойлану керек. Бұл сіз елестеткендей оңай жұмыс емес. Камера, жарық, қошемет көрермен көретін тұстың жартысы ғана.

Киноға өзге саладан келгендердің тізімін - белгілі актер Шәріп Серік те толықтырып тұр. Шәріп анасының айтуымен заңгер мамандығын тәмәмдаған. Бірақ түптеп келгенде жүрек қалауына қарай жүрген. Вайндар түсіріп, инстада белсенді болған ол, алғаш желіде танымалдылыққа ие болды.

Актер таңдауына өкінбейтінін, кездескен жерде мақтаудың астында қалатынын айтады.

Шәріп Серік, актер:

Кездескен кезде жалпы енді, Еркенің айтқан сөздері: «Шако, маған сенің жұмыс істегенің қатты ұнайды, актерлік шеберлігің». Мен күліп айттым сонда, Ерке мен актер емеспін. Менің мамандығым заңгер.

Жоғарыда аты аталғандарға қарап, «мамандық таңдауда қателесудің қатты әбестігі жоқ шығар» деген ойға еріксіз келесің. Түйсігі алдағандардың, жүрегі алдамайтынына да тағы бір рет көз жеткізіп, көңіл орнығады.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться