Селена Гомес жанды дауыста ән салды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сахнаға қайта оралған Селена Гомес, фанаттарын тағы бір мәрте қуантты. Танымал өнерпаз бұл жолы Джулия Майклспен бірігіп дуэт орындаған. «Anxiety» трегіне коллаборация жасаған қос әнші, аспаптардың сүймелденуімен сахнаға да шықты. Селена мен Джулияның өнеріне тәнті болғандар жетерлік.

Билли Айлиш көптен күткен туындысының тұсауын кесті. Бірнеше сағат бұрын шыққан «Everything i wanted» трегі 2 млн-ға жуық қаралым жинап үлгерген. Билли осылайша өз рекордын жаңартып отыр. Билли Айлиштың аталмыш әніне туған ағасы Финнеас О’Коннелл авторлық еткен. Еске салсақ, өнерпаздың ет жақыны жеке продюсері.

Холзи жанды дауыста ән шырқап, тыңдармандарын таңқалдырды. Әнші өзінің «Graveyard» трегіне акустикалық бейнебаян ұсынды. Ерекше дауысымен әлемді бағындырған өнерпаз бұл туындысын су жаңа альбомының құрметіне арнаған-ды. Холзи «Manic» үнтаспасын келер жылы 17-ші қаңтарда жарыққа шығарады.

 

 

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться