Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар екінші рет ақ келін атанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүркіт екінші рет қайынаға атанбақ! Әншінің қарындасы Әсел Асқарға сырға салды. Сылқым көпшілік арасында поэзиялық шығармалар оқып, оны инстаграмға жүктеп танылған еді. Одан бөлек, арудың актрисалықты да байқап көргені бар. Еске салсақ, бір баласы бар бикеш екінші рет ақ келін атанбақ.

Екінші рет отау тігіп, бағы жанған жалғыз Әсел емес. Мәселен, жуырда ғана Динара Сұлтан тұңғышы бірінші некесінен екенін айтып, көпті таңқалтқаны бар.

Динара Сұлтан, әнші:

- Ол сұрақтар маған көптен бері қойылған. «Қай жақа шықтыңыз? Кімге? Қалай? Неше бала?» – деп. Мен мысалы, өзімнің жеке өмірімді ешқашан жария қылмаймын.

Есесіне, Динара бүгінде қайын жұртына тастай батып, судай сіңген үлгілі келін. Өнерпаздан өзге, екінші рет қалыңдық атанып, енесінің алдында өз міндетін адал атқарып жүргендер көшін Маржан мен Мәдина жалғайды. Тіпті, отбасылық өмірді сөз еткен Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші жарының өтінішін екі етпейтінін айтқан да еді.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

- Мен тіпті тойымнан кейін демалыс та емес, жұмыс та емес барлығы мен үшін жабылды. Тойдан кейін мені ешкім еш жерден көре алмай қалды. Өйткені менің жолдасым солай шешті және де солай ұсыныс айтты.

Айтпақшы, екінші рет шаңырақ көтерген Дильназ Ахмадиева үшін де күйеуінің айтқан сөзі заң. Әнші өзінің жарынан алты жасқа үлкен.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

- Мен тұрмыстағы әйелмін. Қандай да бір фильмге түспес бұрын, күйеуімнен сұраймын. Рұқсатын берсе, әрине.

Ал тағы бір мәрте тұрмысқа шыққан экс-Есентаеваның су жаңа «Алагөзова» деген тегіне халық көпке дейін үйрене алмағаны рас. Атышулы продюсер үшін махаббат жасқа қарамайды.

Тұрсен Алагөзов, бизнесмен:

- Баян мен үшін кішкентай қыз сияқты. Оны жақсы көріп, алақанымда ұстағым келеді.

«Қысқасы, екінші рет отау құрған өнер өкілдері бақытты болуға ешнәрсе кедергі емес» - дейді. Ал, олардың мысалы осы сөздердің дәлелі сынды.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться