Динара Сұлтан ерте тұрмыс құрғанына өкініп жүр ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

13-те отау иесі... Бірақ, бұл мақал қазіргі заманның тақиясына тар келіп тұр. Отыздан асып та үйленіп, үй болуға болатынын дәлелдеп жүр көп жастар. Бұл пікірмен Динара Сұлтан да келіседі. Әнші ерте тұрмыс құрғанына өкініш білдірмесе де, қазіргі жастардың мансап мінберіне шыққанын құп көреді екен. Өзінің ерте ақ босаға аттағанын басқаша түсіндірді Динара.

Динара Сұлтан, әнші:

- Енді заман басқа болды. Тамақ деген сияқты жетіспейтін нәрселер көп болды. Енді қазір мен ойлаймын жастар, ең бастысы өзінің карьерасын ойлау керек.

Ал, Алтынай Жорабаева бойжеткендеріне қатаң қағидалар қойып, тексеріп отырады екен. «Қазір келін атану еш қызымның жоспарында жоқ, сабақтарын оқысын» дейді әнші. Бірақ сұлуларына сезім білдіретін серілер жетерлік екен.

Алтынай Жорабаева, әнші:

- Сезім деген секундтық нәрсе, минуттық нәрсе. Сезімге берілмеу керек. Әдемі жас қыз болғаннан кейін жігіттің көзі түсе береді ол заңды. Бірақ сезімнің етегінде, жетегінде кетпеу керек деп үнемі айтып отырамын.

Ал, Нағима Есқалиева ерте отау құруды қос қолдап құптайтын болып шықты. Себебі Халық әртісі «Жастар бірге, қатар дамиды» деп пікірде. «Диас қашан үйленеді?» деген сұрақ әншіні тосырқатса керек, ол кібіртіктеп, жауап беруден қашты.

Нағима Есқалиева, ҚР Халық әртісі:

– Соны... Можно я об этом не буду говорить?

Бірі ерте отау құруды қате десе, бірі дұрыстығын айтады. Ал, түптеп келгенде кез келген шешім әркімнің өз қолында.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться