Наоми Кэмпбеллдың жаңа ғашығы кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл басында ғана әнші «One Direction»-ның экс-солисті Лиам Пейнмен көңіл жастырып жүрген еді. Бірақ 49 жастағы сәнбикенің жүрек қалауы өзгерген секілді. Өйткені, Наоми байлығы 195 миллион АҚШ долларына бағаланатын Египеттік миллионер Луи Камильеримен махаббат хикаясын бастан кешіруде. Луи супре-модельден 12 жас үлкен болып шықты. Ал сәнбикенің жанкүйерлері «Кэмпбелл аз уақытта қалайша жігіт тауып алды?» деп жарыса жазуда.

Кинау Ривз елдің көзінен тасада, сүйіктісі Александра Грантпент некелесіп алған. Батыстық БАҚ-тың ақпарат көзіне сенсек, 55 жастағы актер, 46 жастағы суретшіні шексіз сүйіп қалған. Бір сұқбатында Киану: «Ол мені терең күйзелістен құтқарып алған періште» деп айтқан еді. Екеуі бұған дейін тек жақын дос ретінде араласып, Александра Кианудың кітабын жазуға көмектескен. Одан кейінгі қарым қатынастары қалың көпшілікке аян.

Анджелина Джоли экс-күйеуін өмірінен жібере алмай, күйзелісте жүргенде, 55 жастағы Бред 30-ға жаңа толған актриса Алия Шокатпен көңіл жарастыруда. Бұған дейін жеке өмірін жасырып келген Питт, енді Алианы әр шарада қасынан тастамайтын болған. Бұл жұпқа қатысты ел арасында алып-қашпа әңгіме көп. Жанкүйерлер Бредте бұл уақытша сезім десе, енді бірі екеуіне бақыт тілеуде.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться