Қайрат Құдайберген бизнестегі 5 миллион АҚШ доллар қарызынан құтыла алмай жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бизнес – қателікті кешірмейді. Әйгілі әртістердің бетін қайтарып, азулылардың тісін сындырған сала. Сенің тамымалдылығың да, атағың да банкроттан сақтап қала алмайды. Бұл жағдай «Ринголық» Әділжан Умаровты да айналып өтпеген. Әншінің қолы тиген кәсіп құлдырай беріпті.

Әділжан Умаров, әнші:

– Бір-екі рет бизнесті бастап көрдік. Ол да біздікі емес екен. Агенство аштым. Анадай үлкен банерларды печатать ететін, зданияларға асатын. Оны ашып қойып, сосын өте көп выездной гострольдар пайда болды. Оған кетіп қалдық. Мынау тұр, ешкім жоқ. Кім жұмыс істеп жүр, қандай ақша тауып жүр оны білмейсің. Сөйтіп барлығын сатып, жауып...

Ал азуын айға білеген атақты кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді ақылы да, түйсігі де бизнестегі құлдыраудан сақтап қала алмаған. Оған бұл жағдайдың қатты соққы болғаны соншалық, сол уақытты нақты айына дейін есінде сақтап алған.

Қайрат Құдайберген, кәсіпкер:

– Бір рет мен «крупный банкрот» дейді ғой. Сол банкрот болдым. Бұл 2007 – ші жылы болған. Нақты қараша айы болған. Барлық ақшамды және өзім алған пәтерлерімді, үйлерімді, машиналарымды бәрін түгел сатып и то мен минус 150 мың доллар қарыз болып қалдым достарыма. Біздің банкротқа ұшыраған кезіміздегі сомамыз партнерлармен бірге 5 миллион 583 мың доллар болды.

Ал белгілі боксшы Әділбек Ниязымбетов «Ағалардың жіберген қателігін қайталамас үшін, кәсіпте әр адымымды аңдап басып жүрмін. Әзірге ешқандай қындыққа тап болмадым» дейді. Боксшының бүгінде бірнеше дәмханасы мен көлік жуу орталықтары бар.

Әділбек Ниязымбетов, боксшы:

– Қазір жалғыз өзім емес, қасымда достарым бар кәсіпкер, ағаларым бар кәсіпкер. Солардан ақыл сұрап отырамыз. Әр затты бастайтын кезде сол кісілерден ақыл сұрап, кеңес аламыз.

Кеңесіп пішкен тонның келте болмасы белгілі. Десе де, басқан қадам бақылауда болса, кәсіп те берекелі болмақ.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться