«Каникулы off-line» отбасылық комедиясы отандық фильмдер арасынан рекорд орнатты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Картина «Youtube»-қа жүктелген алғашқы үш күнде 1 миллион қаралым жинап, көпті таңқалтты. Десе де, Асқар Бисембин бұл үрдісті құптамайды. Себебі, киногер туындыларын тегіннен-тегін желіге жүктейтін әріптестерін сынап тастады.

Асқар Бисембин, режиссер:

Мен көрерменнің жауы болғым келмейді. Бірақ халық лентаны тамашалағаны үшін, ақша төлеп үйрену керек. Сол мәдениеттті қалыптастырғанымыз жөн болады. Дамыған елдердің бәрінде солай. Қанша дегенмен әрбір фильм киногердің еңбегі, қалтасынан кеткен шығын.

Режиссердің өзі болса, «Больше чем кино» картинасын тұсаукесерден соң ресейлік стримингтік компанияға сатып үлгерген. Алайда, Бисембиннің бұл ойына Нұртас Адамбай қарсы шықты.

Нұртас Адамбай, режиссер:

Қазақстанда өкінішке қарай халық саны аз, елімізде фильмдерді монетизациялау мүмкін емес. Сондықтан, реалист ретінде, картина кинотеатрда көресетіліп болған соң, оны көпшілікке ұсынамыз. Мәселен, түрлі себеппен картинаны тамашалай алмаған адамдар көрсін дегендей.

Ал, Баян Алагөзоваға бәрі бір! Картиналары кинотеатрдан көрсетіліген соң, продюсерді фильмдерінің тағдыры еш алаңдатпайды екен.

Баян Алагөзова, продюсер:

Әрбір фильм сәби сияқты. Ол дүниеге келген соң, оның өз тағдыры болады. Халық көрді, сол маған жеткілікті. Ары қарай оны ойлап, бас қатырғым келмейді.

Еске салсақ, Баян Алагөзова да фильмдерін «Youtube»-қа жүктейді. Ал, «әрбір қаралым үшін ақша төлеу мәдениеті» уақыт өте қалыптасар»- дейді ол.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться