Нұртас Адамбай мен Асқар Ұзабаевтың тың туындылары кассалық табыс жинай алды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық кинопрокатқа жол тартқан фильмдер арасында үздіктер анықталды!

Киномандар таласа тамашалаған тың туындылар ішінен үздік шыққан -

«Форд пен Феррари айқасы» лентасы.

«Тicketon.kz» сайтының мәліметінше, өткен уик-эндте драйвқа толы фильм

191 млн теңгеден аса пайдаға кенелген. Биографиялық драма әлемге әйгілі «Форд» көлігінің қарсыласы «Феррариді» 24 сағаттық жарыста жеңбек болатын сәттін суреттейді.

Айналымдағы алғашқы апта екінші сатыға жайғасқан «Красавчики до нашей эры» қоржынын 147 млн-нан аса қаражатқа толтырды. Комедия ежелгі тайпалардың бастан кешкен хикаясын жеңіл әзілмен жеткізген-ді.

Нұртас Адамбай прокаттағы үшінші апта ТОП үздіктер қатарынан түсер емес. Режиссердің кезекті «Әкім» комедиясы 89 млн теңге кіріс көріп, бас-аяғы 326 млн-нан аса теңге жинап үлгерді. Картина, шенеуік болуға асыққан жас жігіттің ауыл әкімі қызметіне тағайындалуынан бастау алады.

Отандық тағы бір тың туынды «Казбат»-та көрермен көңілін шыққан. Режиссер Асқар Ұзабаеватың тарихи драмасы 42 млн теңге жинап, төртінші сатыда. Шынай оқиғаға негізделген туындыда, 1995-шы жылы ауған-тәжік шекарасында адал қызмет еткен қазақ әскерлері туралы баяндалады.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться