Бір жылдық үнсіздіктен кейін «Рензо» тобы су жаңа бейнебаянын ұсынды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір жылға жуық көптің көзінен алыстаған «Рензо» тобы кезекті клипін көрерменге ұсынды! Су жаңа бейнебаян жарыққа шыққаны сол-ақ еді, тыңдарман тарапынан оң бағағасын тез-ақ алып үлгерді!

-Азиялық емес, американдық бағыт айқын байқалады. Өздеріне жақыны осы сияқты. Жарайсыңдар! Маған ән де, бейнеклипте ұнады.

- Көптен күткен клип шықты ау, шынымен де бұл бір ерекше болды, жана стиль.

Ал, Алуа Қонарова болса төрт минуттық туындының арғы жағында үлкен еңбек жатқанын айтуда.

Алуа Қонарова, продюсер:

- Бейнебян 4 күн бойы таспаланды. Бұл ең қиын түсірлім болды. Оның монтажы 1 жарым айға созылды. Дегенмен, көптің көңілінен шығу үшін барымызды салдық.

«Рензолықтар” көрінбей кеткелі, топтың жанкүйерлері ұжым тарайды деп топшылағаны да жасырын емес. Ұжым продюсері жігіттердің ұзақ уақыт үнсіздікте болуының себебін түсіндірді.

Алуа Қонарова, продюсер:

- Халықпен қайта қауышуға әзірміз. Жыл бойы жаңа альбом жаздық. Тың туындыны ұсыну үшін тайм -аут алуды жөн көрдік. Себебі, жаңа альбомның стилі бөлек, өзге бағытта.

Енді, «Рензо» жиі-жиі жаңа тректерімен қуантып тұрады дейді Алуа. Айтпақшы, көп ұзамай Қонарованың қоластынан тағы бір әншіні көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Алуа Қонарова, продюсер:

- Желтоқсанның соңы немесе жылдың басында тағы бір жаңа жобамды халыққа таныстырам. Ол соло әнші болады. Қысқасы, қызықтың бәрі алда.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться