Жыл басталмастан шетелде демалып жүрген жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңа жылдың алғашқы аптасында отандық жұлдыздардың басым бөлігі жылы жаққа ұшуға, жыл бойы жиғандарын шашуға асық. Бірі «мұхит асып, күш-қуат жиып келеміз» десе, енді бірі «шабытқа қарық болып қайтамыз» дегенді алға тартады.

Бүгінде шет елде шалқып жүрген отандық жұлдыздарымыздың көшін: Дана Есеева, Мейіржан Төребаев және Жәния Джуринская мен Сая Оразғалиева бастап тұр. Бір қызығы вайнерлер отбасы, қос құрбыларын өз қаражаттарына қыдыртып жатқанға ұқсайды. Олар Мальдив аралдарындағы сәттерін күнделікті желіге жүктеп жүр.

«Желіге жартылай жалаңаш фотоларын жиі жүктейтін Жәния, Мальдив аралында неге жабық киімге көшкен? Толысып кеткен бе?» сынды сұрақтар сылқымға жиі қойылды. Ал Джуринскаяның өзі болса су жаңа емес, өткен жылы Дубайда бикинимен түскен суреттерін инстаға салып, көптің күдігін күшейте түсті.

«Блогерлерден қалыспайық» деді ме, Қайрат Нұртас та отбасымен Мальдив аралында демалысын өткізуде. Бір қызығы бұл жолы Гүлзира Айдарбекова олардан бөлек, әнші Шахизадамен бірге Малазияға аттанған. Айқын мен Жұлдыз да толықметрлі фильмдерін таспалап болып, өздеріне демалыс жариялапты. Олар бүгінде Шри-Ланкада жүр.

 

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться