Лос-Анджелесте «Дулиттл» фильмінің тұсаукесері өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд жұлдыздары Лос-Анджелестегі «Дулиттл» фильмінің тұсаукесеріне жиналды! Су жаңа фэнтезиді көрерменге ұсыну үшін Роберт Дауни-Кіші, Селена Гомес, Рами Малек бастаған өнер өкілдері түгелдей келген.

Кеште Селена Гомес басты жұлдызға айналды. Еске салсақ, бұл біраз уақыттан бері көзден тасада болған әншінің көпшілік алдына алғаш шығуы. Бикеш аталмыш фильмде Бетси есімді кейіпкерді дыбыстайды.

Селена Гомес, әнші, актриса:

- Бұл фильмнің мен үшін алар орны зор. Себебі ол жануарлар туралы, ал менің оларға деген махаббатымның шексіз екенін сіздер жақсы білесіздер. Сондықтан, жобаға ұсыныс түскенде ойланбастан келістім.

Ал, дәрігер Дулиттлды сомдау Роберт Дауни-Кішіге бұйырған. «Marvel» жұлдызы арнайы көрсетілімге өзінің жұбайы Сьюзанмен бірге келді.

Роберт Дауни-Кіші, актер:

- Әдетте актерлармен бір фильмде ойнап үйреніп қалғанмын. Ал бұл жерде әріптестеріңді емес, көз алдыңа сөйлейтін жануарларды елестетуің керек деген талап қойылды. Бұл өте қызықты әрі ерекше тәжірибе болды.

Режиссер Стивен Гейган таспалаған тың туынды мал дәрігері Дулиттлдың бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Жануарлармен сөйлесе алатын қабілетке ие бас кейіпкер, емдік дәрі іздеу үшін кезекті саяхатқа аттанады. Маңызды миссия барысында оған түрлі хайуанаттар жәрдемдеседі.

Джон Сина, актер:

- Фильм фантастика бағытында. Онда сіз жануарлардың түрлі қауіпті жағдайларға төтеп бере алатынына куә боласыз. Түсірілім кезінде мен өзімді олардың орнына қойып көрдім.

Отбасылық фэнтези отандық көрермендерге 20-шы ақпаннан бастап жол тартады.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться