«Джокер» жұлдызы Хоакин Феникс қамауға алынды.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Джокер» жұлдызы Хоакин Феникс күні кеше Вашингтон штатында қамауға алынды. Актер басбұзарлығынан емес, қоғам мен табиғатқа жаны ашығандықтан полицейлердің қаһарына ұшыраған. Ол «әлемдік табиғи апаттардың алдын алайық» атты шараға заңсыз қатысқаны үшін тергеуге түскен. Естеріңізге сала кетейік, Хоакин 2019 жылдың аяғында «Алтын глобус» марапатына ие болған еді.

Бір жыл бұрын Зейн Малик пен Джиджи Хадид айырылысқандары жайлы жұртқа жария еткен болатын. Бірақ ғашықтар бір-бірінсіз тұра алмайтындарын тағы бір рет дәлелдегендей. Себебі күні кеше жұлдызды жұп Нью-Йорктегі мейрамханалардың бірінде кешкі ас ішіп отырған жерінен папарацци объективіне ілікті. Жұлдызды жұп тіпті бірдей киініп алған. Бұл суреттерге қарап, жанкүйерлер олардың қайта қосылғандарын айтып қуануда.

Танымал ресейлік тележүргізуші Ольга Бузованың шаңырақ көтергені рас па? Басынан дау арылмайтын бикештің бүгінде бақыттан басы айналып жүр. Тайландтан вилла сатып алған Ольга, Давид Манукян есімді жігітімен әр сәтін желіге жүктеп әлек. Екеуінің кіршіксіз махаббаттарына қарап, жанкүйерлері оларды «үйленді» деп жарыса жазуда.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться