Ресейлік әнші Егор Крид үлкен экрандарда! Танымал жұлдыз басты рөлді сомдаған фильм отандық прокатта үздік шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық прокатта кассалық табысымен топ жарған фильмдер тізімі анықталды. Өткен уик-эндте киномандар таласа тамашалаған картиналар көшін «Қарғыс» лентасы бастайды.

Режиссер Николас Пескенің үрейлі картинасы айналымдағы алғашқы аптада 42 млн-нан астам теңге қаржыға кенелді. Еске салсақ хоррор туынды 2004 жылы жарық көрген өзі аттас лентаның ремейгі саналады.

Сюжет желісі, отанасының өз отбасы өкілдерін өлтіріп тастауынан басталады. Енді жалғыз басты ана детективпен қосылып өзінің қорқынышты әрекетінің сырын білуге тырысады.

Ресейлік «Мінсіз жігіт» комедиясы 40 млн теңгемен екінші сатыда. Лентада ТМД-ға танымал әнші Егор Крид басты рөлді сомдаған. Сымбатты серіге роботтың образы бұйырған-ды.

Лента өзінің өмірлік жарын іздеп жүрген арудың бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Махаббаттан әбден көңілі қалған бикеш өзіне робот сатып алады. Ақыр соңы сылқым құлтемірге ғашық болып қалады.

«Капитан Америка» атымен танылған Крис Эванс ұсынған «Snowpiercer» лентасы ТОП үштікті түйіндейді. 32 млн-нан аса теңге кіріс көрген фильмді Корей мен Чехияның киногерлері бірігіп түсірген.

Ал фантастикалық фильмнің режиссерлық тізгіні «Паразиты» фильмімен танылған Пон Джун-хның қолына тиген. Су жаңа лента болашақтағы өмір мен жаңа технологиялар туралы.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться