Танымал болу оңай ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жасағаны - хайп, жиғаны - лайк, діттегені - танымалдылық»! Бұл аға буынның қазіргі жастарға айтар сыны. Бала кезінен қоңыр даусымен елді сүйсіндірген Мейрамбек Бесбаев әдепке сай келмейтін қылық жасап, әйгіленуді құмартқан өнердегі ізбасарларына көңілі толмай жүр.

Мейрамбек Бесбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Кейбір бауырларым қазір боқтық сөздерді қосып шығаратынды естіп жатырмыз. Қай жаққа бара жатыр. Не деген... Танымал болудың жөні сол екен деп, не болса соны қыстырмалап айтып жатыр. Өкінішті жағдай енді.

«Атаққа апарар жол деп бірі шешініп жатса, енді бірі мән-мағынасыз әндер айтады» деген өнер иесі мұндай танымалдылықтың ғұмыры қысқа ботынына сенімді.

Мейрамбек Бесбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Атың шықпаса жер өрте деген сияқты айтып тұрсың ғой сен. Енді бір құдай біледі қаншалықты ұзаққа баратын бармайтынын, әрнәрсе жөнімен болғанын қалаймын, шынымды айтсам». Кезінде «танылуы үшін Жанар Хамитоваға ән арнады» деп сын естіген Рысбек Аташ болса, өзін әйгілілер қатарына қоспайды. Оғаш қылық істеп қана оңай танылуға болады деген әнші «ондай әдістерді қолдануға жігіттік намысым жібермейді», - деп ағынан жарылды.

Рысбек Аташ, әнші:

- Балалардың арасында әзілдесеміз, жалаңаш түс бейнебаянға, немесе бейнебаян басталғалы біткенше мына жерлеріңді ұстап, уқалап до конца айтып шықсаң әнді. Болды, сен - жұлдызсың. Ана баланы білесің бе уқалап отырып айтатын деген сияқты әңгіме».

Хайп ханшайымы Айжан Байзакованы бейнебаянына түсіріп, ел есінде қалған «Алем Бэнд» тобы танылу жолында оңай әдісті таңдағандарын жасырмайды. Ұжымның пікірінше, қай жағынан болмасын қазіргі шоу-бизнестегі бәсекелестікке төтеп беру өте қиын.

«ALEM BAND» тобы:

-Халыққа ұнайтын ерекше нәрсе істеу керек. Ерекше дүние жасау керек. Жалғыз әншілерде ғана емес. Актерлар да, бишілер де болсын. Қазір тұтас өнерде танылу қиын, конкуренция көп»

Мысалы, Димаш пен Назима, Джа Халиб пен Скриптонит, талантының арқасында танылғаны көпке мәлім. Бірақ, «Алем бендтіктер» әзірге әріптестері сынды шекара асып, өздерін әйгілеуге ниетті емес. Жігіттер аға буынның мойындауын қанағат тұтуда.

«ALEM BAND» тобы:

- Көбінесе «ой, бұлар жеңіл атақпен келген» деген сияқты пікір қалыптастырған үлкен кісілер қазір біз туралы ойын өзгертіп жатыр. Кеше концерттен кейін де сендер тым жақсы айтатын жігіттер екенсіңдер ғой деген сияқты әңгімелер айтты да.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться