Бейбіт Қорғанның әншіліктен түбегейлі кеткені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Иә, бір әнмен хит болып, артынша жоқ болып кеткен жұлдыздардың саны бара-бара артуда. Соның бірі, «шоқ қыздарымен» талай кешті қыздырған – Бейбіт Қорған.

Әншіні жұлдызды кештердің бірінде кездейсоқ кездестіріп қалып, сұқбатқа әрең көндірдік. Көп көзден тасада жүрген Бейбіттің жүзі жүдеулі. Ал сахнадан алыстап кеткенін әнші былай түсіндірді.

Бейбіт Қорған, әнші:

– Ешкім өмірге жаралғанда әнші болып жаралмайды ғой. Жеке өміріміз бар, бала шағамыз бар. Олардың сабағы бар. Анау бар мынау бар. Біз де ел қатарлы «тірі адам тіршілігін жасайды» деп жүрген адамдардың біріміз. Бірақ ақша қуалап, жылтыңдай бергенді ұнатпаймын өз басым. Сондықтан дүние-мүлікті қуалайтын ойым жоқ. Жалпы қолымнан келгенше халықтың сенімін ақтауға тырысып жатқандығым бар.

Дәл осылай, Бейбіт мырза дақпырт құмарлықтан аулақ екенін жеткізді. Бірақ Қорған-тегінің бөлісер жаңалығы да жоқ емес. Ол күзде тыңдарманын тауып үлгерген, қазіргінің хиті «Кірмей қалама» әніне бейнебаян түсіруге ниетті.

Бейбіт Қорған, әнші:

– Осы «кірмей қала ма» деген әнімізге, Аргоня екеуіміздің әнімізге соған бейнеклипті жаңағыдай прикол ретінде, әзіл ретінде сөйтіп түсірейік деген ойымыз бар.

Ал Нұр-Мұқасан тобының іргесі ажырағаннан кейін, сахнадан көрінбей кеткен Шахзадаев мырза: «бос уақытым жоқ. Аптаның әр күніне жоспарым жазылып қойған. Дайындап жатқан әндерім де бар», - дейді.

Мұқасан Шахзадаев, әнші:

– Спортымыз бар. Күнделікті бассейн бар. Жаңағы... Теннисым бар, футболым бар.

Ал соңғы уақытта сахнадан бой тасалаған Қайрат Түнтеков «тыңдармандарыма тарту жасайтын уақыт келген сияқты. Сағынғандарын білемін» дейді.

Қайрат Түнтеков, әнші:

-Сағындық Қайрат. Балам деп апалар жазып кетеді мысалы. Сонымен кәдімгідей білдім халық ұмытпағанын, халық сағынғанын. Ойыма сол келді де, неге халық үшін шықпасқа, халықты сағындырдым қатты.

Сондай ақ, ән әлемінде есімі ескіре бастаған әншілердің тізімінде: Еркін Нұржанов, Алмас Кішкенбаев, Нұржан Қалжан, Мистерионс пен Алл давай топтары бар.

 

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться