Отандық өнерпаздар ұрлық жасағанын мойындады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ұрлыққа барған кездерім болды! Отандық өнер өкілдері дәл осындай ерекше мәлімдеме жасады. Мәселен, соның бірі - Мейрамбек Беспаев. Халық сүйіктісі кезінде балалықпен, өзгенің ала жібін аттағанын мойындады.

Мейрамбек Бесбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

-Көршілердің дарбызын, қауынын ұрлап, алмасын ұрлап өстік қой енді. Өзіңнің үйіңде болса да бірақ ұрлап жеген тәтті боп көрінетін ба еді, сондай еді. Одан кейін төртінші кластан кейін ғой деймін, 87 жылдар Алтынбек Қоразбаев көкеме ілесіп, өнерді қуып кеткеннен кейін ол балалық шаққа да, ойынға да қатты уақыт та болмай кетті, шынымды айтайын.

Ал үйдегі қос құлыншағы «кәмпит үшін» өтірік айтса да, бала болып қалтама қол сұққан күнін көрмеппін дейді.

Мейрамбек Бесбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Менің қалтамды даже жеңгең де қарамайды. Кейде джинси бірдемелерімді басқа киініп шығайын деп жатам ғой, қалтасын қарап қалсам, ақша тұрады кейде, соған қарап риза боламын»

Лидия Кәденнің жалғызы Дидар болса, балалықпен емес, есті кезінде ұрлыққа барғанын жасырмайды. Алайда, өнер иесін мұндай қадамға итермелеген өзі оқыған колледждегі “атамандар”.

Дидар Кәден, әнші:

- Үлкен балдар жұмсайтын темекі әкел деп. Ақша жоқ, барып алып кетесің, амал жоқ. Таяқ жейсің әйтпесе. Бірақ былай да, былай да таяқ жейсің. Сондықтан да таяқ жемеген артық та.

Ал,«Алаулық» Ержан мен Ербол бала кезде дүкеннен қалған ақшаны жымқырғандарын еске алса, Хамит бұл әдетін әлі де қоймаған көрінеді.

«Алау» тобы:

-Хамит бір рет гастрольде менің кофрымды ұрлап алған. Хамиттің ұрлығы туралы айтайыншы, соңғы ұрлығы туралы. Бос кофр немесе вешалка тұрса, бірақ енді үшеуміздің арамызда, алып кете береді.

Сондықтан да, жігіттердің өнердегі әріптестерінің назарына! Кофр жоғалса, бірден «Алаулықтарға» хабарласыңыздар.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться