Ерек образдарымен халықты шулатып жүрген Билли Портер деген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Билли Портердің әрбір ауқымды шарада төбе көрсетеуі ел аузында! Қызыл кілем салтанатына тыңғылықты әзірленетін ол эпатажды образдарымен таңқалтудан жалыққан емес. Тіпті, өнерпаздың өткен жылы Оскар марапатына киген көйлегі кеңінен талқыланып, 2019-да гуглда ең көп ізделген тақырыпқа айналды.

Билли Портер, актер:

- Неліктен әйелдер ғана көйлек киюі керек. Ер адамдардың да көйлек киюге құқы бар!

Бұл жылы да Америкалық киноакадемия кешінің қонағы атанған Билли, алтын түстес көйлегімен көпті шулатқан еді. Тіпті, күллі әлем «Оскар» жеңімпаздарын емес, шарада ерек образымен көзге түскен Портерді сөз етті.

Алайда, қалың көпшілік Биллиді ерек образдарды арқылы танығанымен, оның актер, әнші әрі драматург екенін біле бермейді. Одан бөлек, өнер иесі мюзикл әртісі ретінде «Тони», «Грэмми» сынды мәртебелі марапаттарды еншілеген. Ал «Pose» драмалық сериалында актерлік шеберлігімен қазылар алқасын тәнті еткен Портерге «Эмми» марапаты табысталды.

Билли бұл телехикаядағы кейіпкерімен тағдырлас десек, артық айтпаспыз. Тіпті, дәл осы туынды Портерді эпатажды образдардың иесі атануға итермелеген көрінеді. Еске салсақ, аталмыш лента 90-шы жылдары өзіндік субмәдениет қалыптастырған траснгендерлер туралы. Онда олар жасырын жиналып, әрбір басқосуды балл маскарадқа айналдырады.

Билли Портер, актер:

- Бұл қоғам бас тартқан, елеусіз қалған адамдар туралы дер едім. Олар бір-бірін тауып, тұтастай субмәдениет қалыптастыра алды. Мен де, кезінде дәл осы фильмдегідей өзгелер тарапынан қысым көргенімді жасырмаймын.

50-ді еңсерген Билли жеке өмірінжасырмайды. Актер 2017 жылдан бастап Адам Смитпен заңды түрде некеге отырған. Өнер иесі отбасы мен шығармашылығы туралы әрбір жаңалығын инстаграм желісіне жариялап оытрады.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться