Дженнифер Энистон мінсіз мүсінімен таңқалдырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Interview» журналы жақында 51-ге толған Дженнифер Энистонға арнайы фотосессия сыйлады. Қара көйлекте белі мен санын айқара ашып түскен актриса, өзінің мінсіз мүсінімен жұртты таңғалдырды. Қала берді сұқбат барысында Дженнифер ана атанғысы келіп жүргенін айтқан. «Бірақ өзім толыққанды отбасында өспегендіктен, баламның әкесі де болғанын қалаймын» деген ол, жақын күнде жақсы жаңалығымен бөлісетінін жеткізді.

Инсайдерлердің хабарлауынша Джо Джонас пен Софи Тернер тұңғыштарын күтіп жүр екен! Қос ғашық бұл қуаныштарын жіті құпияда ұстап отырғанға ұқсайды. Сәбилі болатындарын жақын достары мен екеуінің әулеті ғана білетін болып шықты. Бұны естіген Софидың жанкүйерлері, соңғы кездері актрисаның кең етекті көйлектерді киюді жиілеткенін жаппай жазуда.

Кайя Гербер мен Белла Хадид Michael Kors-тың Нью-Йорктегі көрсетілімінде бой көрсетті! 2020 – 2021 жылға ұсынылған «күз-қыс» топтамасы қою әрі қанық түстерден құралған. Тоқылған, ұзын, белдікті көйлектер кешке келген қонақтардың бірден назарын аударды. Ал Кайя мен Белла болса, терең декольтелі қара көйлекпен подиумда патшайымдарша жүрді.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться