«Голос Украина» шоуында топ жарған Ерлан Байбазаровтың басы дауға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Голос Украина» музыкалық шоуынан кейін танылған Ерлан Байбазаровты Диана Шарапова сотқа бермек! Еске салсақ, әнші жары Роман Мироновпен Ерланға продюсерлік еткен еді.

Роман Миронов, шоумен:

- Ол ең алғаш келген кезде мен Диана Шарапова сынды болғым келеді деді. Мен алдын ала ескерттім, шоу-бизнесте жүру оңай емес екенін, бәрі өз уақытысымен деп. Ол барлығына келісті.

Кейіннен Ерлан Диананың вокал студиясына мұғалімдік қызметке қабылданады. Тіпті жұлдызды отбасы Байбазаровтың өнердегі бағын ашу үшін талай конкурстың есігін қағып, ақыр соңы «Голос Украина» байқауына қатыстырады. Ол үшін продюсерлер 700 мыңға жуық қаражат жұмсап, шоуға арналған концерттік бағдарламасына дейін әзірлеп береді.

Ерлан Байбазаров, музыкант:

-Мен жәй шығып ән айтқан жоқпын. Мен домбырамен шықтым, Украин елінде домбыраны жақсы қарсы алды. Бізде әр үйде ілініп тұрады ғой. Сол домбыраның арқасы деп ойлаймын.

«Шоуға домбырамен шығу да, менің идеям еді», - дейді Диана. Алайда, танымалдылыққа ие болған соң, Байбазаров продюсерлерінің еңбегін мойындамақ түгілі, олармен жұмыс істеуден бас тартқан.

Диана Шарапова, әнші:

-Ерлан сен мені қолданып кеттің. Бүкіл тәжірбиемді пайдаланып, мені танымай кеттің!

Танымалдылықтың дәмін татқан Байбазаров Диана Шараповаға тек бір талабы орындалғанда ғана, бірге жұмыс істеуге дайын екенін жеткізген.

Роман Миронов, шоумен:

- Ол өзінің жұбайымен бізге келді. «Бұдан-былай менің жалақым сұранысқа сай айына 400 мың теңге болады» - деген талап қойды. Шынымды айтсам, ондай сомманы офисымыздың жалға алуына да төлемейді екенмін.

Бүгінде бар дәлелі мен құжаттарын қолға алған Диана Шарапова мен Роман Миронов жұмсалған қаржысын кері қайтару үшін Ерланды сотқа бермек. Ал, Байбазаровтың өзіне хабарласқанымызда жұбайы Елена қандай да пікір білдіруден бас тартатындарын жеткізді.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться