«Billboard» музыкалық чарты үздік альбом иегерлерін анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі «Billboard» музыкалық чарты үздік альбом иегерлерін анықтады! Басылымның пайымынша, жинағының сатылымы жағынан Lil Baby көш бастайды!

25 жастағы хип-хоп орындаушының «My Turn» үнтаспасы табысымен таңқалтып жатыр. Бұл рэпердің екінші студиялық жинағы. Оны жарыққа шығару үшін әншіге Lil Wayne, Young Thug пен Future-нің өзі көмектескен көрінеді.

Пуэрто-риколық орындаушы Bad Bunny да мықты музыканттар арасынан табылды! Кезінде қоймада ораушы болып қызмет еткен ол, болашақта «Billboard» чартынан табыламын деп еш ойламағаны анық. «Не істесем де өзім білем» атауына ие болған оның су жаңа жинағы 179 000 эквивалентті данамен таралып үлгерді.

Bad Bunny мұндай жетістігімен үздік атану үшін, ағылшын тілінде ән айту міндетті емес екендігін дәлелдегендей. Еске салсақ, хип-хоп орындаушы тек испанша шырқайды.

Ана тілінде ән салып, әлемді аузына қаратқандардың тағы бірі – «BTS» тобы. Оңтүстік Корейлік жігіттердің «MAP OF THE SOUL : 7» әлі де сұраныстағы альбомдар қатарында! Басы-қасы 20 тректен тұратын бұл туынды, жарық көрген алғашқы аптасында-ақ табысты туынды атанған еді.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться