Шет елдегі Отандық жұлдыздардың елге орала алмай жатқаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Елдегі төтенше жағдай мен әлемдегі індетке қарамастан көптеген Отандық жұлдыздар мұхит асып, сапарға аттанған еді. Мәселен жақында ғана «ақ келін» атанған Динара Бақтыбаева, жұмыс бабымен Түркия еліне кеткен. Бірақ түсірілімі аяқталғанымен актриса енді Қазақстанға қайта алмай отыр. Бәрі «Коронавирустың» алдын алу үшін жасалып жатқан сақтық шаралары» дейді, түрік елінен тікелей байланысқа шыққан Динара.

Динара Бақытбаева, актриса:

–Біздің Стамбулдан Атырауға ұшуы тиіс рейсті тоқтатты. Негізі қазіргі сәтте Атырауда болуым тиіс еді.

Ал бал айын Бірккен Араб Әмірліктерінде өткізіп жатқан Олжас Әлжан болса, «саяхатқа аттануға алғашында қорыққанымыз рас. Бірақ бұл жолдаманы ата-анамыз екі ай бұрын сыйға тартқандықтан бас тарта алмадық», - дейді.

Олжас Әлжан, актер:

– Мына қазір әлемді шулатып жатқан, дүрліктіріп жатқан уақиға бізді де уайымдатады. «Сақтықта – қорлық жоқ» демекші, сақтанып жүрміз. Сақтану шараларын қолданып жүрміз. Бәрі жақсы уайымдамаңыздар.

Аланиядағы анасына аттанған Алуа Қонарова үшін де жанкүйерлері мен оқырмандары қатты алаңдаушылық білдіріп жатыр. Бірақ азулы продюсердің өзі «қорқуға еш негіз жоқ. Анамның қасында мені ешқандай ауру алмайды» деп инстасында пост жариялап, көп күдікті серпілткендей болды.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық шекаралары тарс бекітілген. Ешкім шет ел асып шыға алмайды. Отандастарымыз Қазақстанға оралған шақта әуежайда мұқият тексерістен өтеді. Ал Қытай, Үндістан, Германия сынды 1а, 1б, 2 категориялы елден келгендер міндетті түрде 14 күндік карантинге жіберіледі.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться