Джиган сүйінші сұрады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джиган бір жарым аптадан бері ем қабылдап жатқан, есірткіге тәуелділерді емдейтін орталықтан шыққанын хабарлап, инста оқырмандарынан сүйінші сұрады. «Геттоның супер жұлдызы» деп жазба қалдырып, стористарында наша шеккен оны жұрт жазғырып әлек. «Бұл адам болмайды», «балаларың мен жұбайыңа бармайсың ба?!» деп оны сөгіп жатқандар көп. Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын Оксана Самойлова желідегі парақшасына «Бізді ешкім ұрмады. Ешкім ешкімді әкелік құқығынан айырмайды. Мен балаларымның әкесін құтқаруым керек» деп пост қалдырған болатын.

Дэниел Рэдклифф ішкілікке не үшін салынып кеткенін айтып, Батыстық БАҚ-қа эксклюзивті сұқбат берді. «Гарри Поттер» жұлдызының айтуынша, ерте жастан тап болған танымалдылығы оған кесір болып тиген. «Қайда барсам да елдің көзіне түсіп қала бердім. Тек мас болып қана өзімнің кім екенімді ұмыта алдым. Кейін шарапқа деген әуестігімді тоқтату қиын болды», - дейді ол. Актердің айтуынша, аты аңызға айналған фильмнің түсірілім жұмыстарының тоқтауы да оны күйзеліске әкеп соқтырған.

Британдық актер Идрис Эльба мәжбүрлі карантинге жатқызылды! Идристың бүгінде «коронавирус» жұқтырғаны анықталып отыр. Ол өз инста парақшасына «Талдама бәрін ашық көрсетіп отыр. Вирус менің бойымда дамуда. Әзірге ешқандай қиындық сезілмейді», - деп жазба қалдырған. Қала берді актер, жұртты тыныштық пен сабырлыққа шақырған.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться