Ziruza алғаш рет орысша ән шырқады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ziruza да көп ұзамай музыкалық чарттардың үздігі атануға құлықты. Q-pop ханшайымы тұңғыш рет орыс тілінде ән ұсынды! Алайда, жанкүйерлерді өзге тілдегі ән емес болашақ бейнебаяндағы манекен көбірек қызықтырғандай. Сылқымның фанаттары оны Ziruza-ның экс-ғашығы Ninety one-дық Даниярға ұқсатуда.

Алғаш рет өзге тілде ән шырқаған Зируза осылайша тыңдарманын таңқалдырды. Әншінің «Манекен» атты трегі көпшіліктің көңілінен бірден шыққандай. Бірақ q-pop ханшайымы мұндай тәжірибе жасамас бұрын біраз жасқанғанын жасырмайды.

Ziruza, әнші:

- Мен шынымды айтсам өзім запись жасағаннан кейін. Бір 2-3 рет тыңдап, бір түрлі ма бір түрлі емес па ойлап жүрген кездерім болды. Неге өйткені енді, қазақ тіліне қатты үйреніп қалғанмын өзім солай. Ал енді орысша білемін, бірақ та кішкене жаңағы өзіме сенімсіздеу болдым да.

Алайда, туындысы жарық көре сала, loyals-ты тректің орындалуы емес, оның промо ролигі көбірек толғандырғандай. Себебі, видеодағы манекен Зирузаның экс-ғашығы Ninety one-дық Даниярдың дәлме-дәл көшірмесі деп топшылады көпшілік. Бірақ әнші қыз, бұл ұқсастықты мойындағысы келмейді.

Ziruza, әнші:

- Манекен енді өзінің аты айтып тұр, яғни сезім жайлы және де адамды манекенге теңеп тұр сол.

Зирузаның аталмыш әні кезекті альбомының алғашқы туындысы. Өнерпаз үнтаспасының тұсаукесері алдында шетелдік әріптестері сынды промо роликтер ұсынуда.

Ziruza, әнші:

- Тыңдармандарға да қызық болады да, жәй ғана әнді шығармай оның бір промо видеомен шығарып, яғни әннің кішкене болсын бір өзінің жаңағы мінезін көрсету дейді ғой бір сөзбен.

Ал Зирузаның кезекті альбомы «Кім келесі?» деп аталады. Оған әншінің ескі 3 әні мен су жаңа 4 композициясы енген.

Ziruza, әнші:

- Ең басынан бастап кью-поп деп айттық және де сол сөзімізде тұрамыз және де мен қазір де сол кью-попта. Бірақ та ол жерде енді шектеу жоқ деп ойлаймын. Өйткені менің ойымша басқа да тілді қоссақ та өзінің бір басқа қырынан көрсетуге тырыстық. Яғни орысша ән жаздым деп мен кью-поптан кеттім деген әңгіме емес.

Зирузаның альбомын loyals 15-ші мамырдан бастап барлық музыкалық платформалардан тыңдай алады.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться